2023 жылдың 15 наурызы күні униврситеттің әдістемелікк апталығы аясында экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы М.Ю. Жумагалиева 1,2,3,4 курс студенттері мен 125 мектептің география және математика бағытындағы 11 Е сыныбы оқушыларымен «Мамандық таңдаудағы-заманауи көзқарас» тақырыбында интелектуалды кеш өткізді.
Танымдық кештің басты мақсаты кәсіби бағдар жұмысын жүргізе отырып, оқушыларды өздері таңдағалы отырған мамандықтарымен жақынырақ таныстыру, университетте дайындайтын мамандықтар, білім алып жатқан студенттердің жетістіктері туралы ақпарат беру болатын.
М.Ю. Жумагалиева сабағын таныстыру тренингімен бастап, оқушылар және студенттер командасын құрып, не, қайда, қашан? ойыны форматында сабағын бастады. Сұрақ беруші студенттер өз мамандығының өкілі ретінде келіп, сұрақтарын, бейне, әуен, цифрлы сұрақ, жұмбақ, мақал-мәтел, фото коллаж, қара жәшік ретінде жасырды. Сұрақтардың барлығы мамандыққа саяхат ретінде жасалған. Оқушылар мен студенттер мамандық туралы ақпарат ала отырып, өздеріне балл жинап отырды.
Әдістемелік сабақ «Маркетинг» тренингімен қорытындылады. Студенттер, оқушылармен қатар, әдістемелік сабаққа қатысушы оқытушылар бірге тренингке тартылды. Жасырын сөзді жарнамалап, тауар ретінде бір-біріне сатып, жақсы тілектермен аяқтады.