13 наурыз күні экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.м. Таласпаева Ақырыс Ержанқызының ұйымдастыруымен "ЖОО-да оқу үрдісін қамтамасыз ету" әдістемелік апталықтың аясында "Көп өлшемді жиынтық регрессия модельдерінің ерекшеліктері" тақырыбында ЭиМ-11 тобымен ашық сабақ өткізілді. Әдістемелік сабақ барысында студенттер жылдамдыққа есеп шығара отырып, ми жаттықтыру(демалту немесе тынықтыру) үшін заманәуи тәсілдерді қолданды. Сабақ өткізу барысында дәстүрлі әдісті қолданды.