2021 жылдың қарашаның 22 күні тарих, экономика және құқық факультетінің, экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушылары А.Ж. Акмалиева мен З.Ю. Янтурсинаның ұйымдастыруымен Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай "Азаттық таңын аңсаған Алаш арысы" атты танымдық кеші оздырылды. Әдеби танымдық кеш Мен-41 тобының студенті Ғазизова Гүлдананың жүргізуімен өтті.
Мақсаты студенттерге қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт азаттық қозғалысының негізiн сaлушы әрі көсeмі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейхановтың өмірі мен қазақ қоғамы үшін жасаған еңбектерімен таныстыра отырып, жас буынды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, адамгершіліке рухани тәрбиелеу және алаш арыстарының тәуелсіздік жолындағы істерімен таныстыру.
Кеш атақты хан-сұлтандар тұқымынан тараған қазақ халқының дамуы жолында жанын құрбан еткен Алаш көсемі Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейхановтың өмірбаяны туралы бейнеролик тамашалаумен басталды.
Шара барысында ГМУ-21 тобының студенті Баймұратова Ратмира Лұқпан Сисекенұлының "Алаштың Әлиханы" атты көркем сөзін оқыса, Мен-31 студенті Бекен Ақгүл ұлы тұлға туралы баяндамамен таныстырды.
Кеш залдағы студенттерге ой түйіндеу мақсатында викториналық сұрақтарға жауап берумен жалғасты. Сонымен қатар жалпы Алаш арыстары туралы студенттердің білімін тексеру мақсатында " Тұлғаны таны" бөлімімен толықтырылды.
Танымдық шараның ең маңызды бөлігі Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейхановтың өмір жолындағы жазықсыз түрмеге түскен кезеңінен «Ұлт мүддесі жолында» атты қойылымға 2 курс студенттері Өмірзақ Ерсін (МИ-21), Алшынбай Бауыржан (ЭиМ-21), Шектибаев Ислам (ГМУ-21), Закрья Нұрбек (ГМУ-21), Алпысбай Әлібек (ГМУ-21) қатысып, көрермендердің ықыласына бөленді.
Шараға физика және математика факультетітің студенттері де белсене қатысты.
Әдеби танымдық кеш тарих, экономика және құқық факультетінің кітапханашысы, экономика және менеджмент кафедрасы оқытушыларының қорытынды сөз сөйлеуімен аяқталды.