Қазан айында Экономика және менеджмент кафедрасы, Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен, 1 және 4 студенттері мен кураторларының қатысуымен дәстүрге айналған "ГМУ кеші – 2021" шарасы оздырылды.
Биыл мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасы топтары кездесу кешінің ұйымдастырыла бастағанына – 10 жыл.
Мерейтойлық жиында университет табалдырығын жаңа аттаған 1 курс студенттері қатарға қосылды және келер 2022 жылы оқу ордамыздан түлеп ұшатын 4-курс студенттеріне ұйымдастырушылар сәттілік тілеп, естелік сыйлықтарды табыстады.
Кеш барысында әр топ студенттері кезекпен сөз алып, өздерін таныстырды. Студенттік кезеңдерінің жарқын оқиғаларымен бөлісті.
ГМУ-41 тобының студенттері жаңа оқу жылының басталуымен әрі Ұстаздар күнімен Экономика және менеджмент кафедрасының профессор-оқытушылар құрамын құттықтап, арнайы жасалған ақпараттық стендті сыйға тартты.
Кеш соңында ГМУ-21 тобының студенттері жылма-жыл ұйымдастырылатын шараны өткізу эстафетасын 1 курс студенттеріне салтанатты түрде табыстады.