Zoom платформасында «Акциздер: теориясы және тәжірибесі» тақырыбында онлайн-дәріс өтті

Жуырда есеп жəне қаржы кафедрасының аға оқытушысы, экономика магистрі ​ Э.Н.Баудиярованың ұйымдастыруымен есеп және аудит мамандығының уа-21, уа-31 топ және қаржы мамандығының ф-21, ф-31 топ студенттеріне Орал қаласы бойынша кірістер басқармасы жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Амангалиева Альбина Ерболатқызының қатысуымен Zoom платформасында «Акциздер: теориясы және тәжірибесі» тақырыбында онлайн-дәріс өтті.
Дәріс барысында Альбина Ерболатқызы салық салу жүйесіндегі өз тәжірибесімен бөлісті, акциздер бойынша салық міндеттемесін орындау мәселесі бойынша салық төлеушілерге құжаттық тақырыптық тексерулер қалай жүргізілетіндігін, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен тексерулерге қатысу, хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу, салық төлеушіден салықтардың дұрыс есептелгенін және уақытылы төленгенін растайтын құжаттарды ұсынуды талап ету жөніндегі жұмыстар қалай жүргізілетіндігін баяндады. Сонымен бірге ондағы қателіктер мен оларды шешу жолдары туралы айтты.
Дәріс барысында студенттер сұрақтарын қойып, кері байланыс орнатылды, тақырыпқа қатысты мәселелер бойынша пікір білдірілді.


Print