2024 жылдың 03-10 қаңтар күндері М.Өтемісов атындағы БҚУ-де «Жас оқытушы мектебі» курсы өтті. ҚР тарихы кафедрасынан оқытушы, магистр Ғұбай А.С қатысып жатыр. Осы курста тәжірибелі оқытушылар өз шеберлігін және кәсіби қабілеттерімен бөлісті. «Жас оқытушы мектебі» курсына уакыт аралығында “Жоғары мектеп оқытушысының дәріс оқу шеберлігі» – Маденова Ляззат Мутиголлиевна, мектепке дейінгі және бастауышта білім беру педагогикасы білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, магистрі, «ЖОО-дағы семинар және практикалық сабақтарды өткізудің әдістемесі» – Турганалиева Ганмиркун Ганмирхановна, тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламасының жетекшісі, «ЖОО-дағы семинар және практикалық сабақтарды өткізудің әдістемесі» – Мақсотова Толкын Тлеккабыловна, мектепке дейінгі және бастауышта білім беру педагогикасы білім беру бағдарламасының оқытушысы, магистрі, “ЖОО-дағы семинар және практикалық сабақтарды өткізудің әдістемесі”– Мухамбетова Гайнеш Гумаровна, информатика мұғалімдерін және IT мамандарын дайындау білім беру бағдарламасының аға оқытушысы. «Жоғары мектеп оқытушысының дәріс оқу шеберлігі» – Боранбаева Бактылы Сансызбаевна, ҚР тарихы кафедрасы, қауымдастырылған профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, «Жоғары мектеп оқытушысының дәріс оқу шеберлігі» – Сдыков Мурат Наурызгалиевич, ҚР тарихы кафедрасы, профессор, тарих ғылымдарының докторы, «ЖОО-дағы семинар және практикалық сабақтарды өткізудің әдістемесі» – Мухангалиева Жанар Кажмуханбетовна, ҚР тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, «ЖОО-дағы семинар және практикалық сабақтарды өткізудің әдістемесі» – Капанова Гулмира Гайсиевна, педагогикалық шеберлік орталығының тренері, «Жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби педагогикалық мәдениеті» – Ниетова Айгуль Сериковна, тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, магистрі оқу үрдісінде пайда болатын жағдаяттармен бөлісіп, оларды бірге талқылады.