2023 жылы, 8 қараша күні М.Өтемісов атындағы БҚУ ҚР тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен өңірімізге танымал тұлға Нурлыбек Брмановтың «Большой путь славного народа» атты кітабының таныстырылымы болды.
Осыған дейін университет қабырғасында аталмыш зерттеудің арнайы тұсаукесері өткізілген-ді.
Ал бұл жолы студенттер еңбекпен мұқият танысып, оны өздерінің білім-білігі жеткенінше зерделеп, толымды еңбек туралы түйген ойларын келген қонақтарға паш етті.
Бұл жолғы жиынның негізгі ерекшелігінің өзі сол, зерттелген тақырыпқа студенттер қауымының өз көзқарастарын білдіруі еді.
Шараны Ист-31 топтың студенттері Дархан Қуатов жүргізсе, Нұртай Шарапов автордың өмір жолына қысқаша тоқталды.
Ал Риза Батырғалиева, Фарида Кереева, Ақтілек Сатыбалдиев, Назерке Қайырбектер таныстырылымның негізгі спикерлері болды.
Өткен шараға өңірімізге танымал мүйізі қарағайдай қоғам қайраткерлері жиналып, сөз кезегінде оларда өз пікірлерін білдірді.
Кітап авторы Нұрлыбек Шайдуллаұлы өз ізденісі жөнінде кеңінен көсіліп сөйледі.
Жиын соңында Болаткали Тулебаев ағамыз өзінің "Қыпшақтармыз" өлеңін оқып, келген меймандар студенттерге өздерінің ризашылықтарын білдірді.
Өлкетанушы Нұрлыбек Брмановтың "Большой путь славного народа" кітабының таныстырылымы өтті
Department of History of the Republic of Kazakhstan