24-ші қазан күні тарихшы, Phd doktor Назгуль Бактыгалиевнаның Алаштану ғылыми-зерттеу орталығымен біріккен, "Орал, Бөкей губернияларындағы ашаршылық зардаптары" тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстел өтті. Оздырылған шарада алаштанушы, тарих ғылымдарының доценті Бақтылы Сансызбаевна архив деректері бойынша Орал, Бөкей аймақтарындағы 1921-1922 жылдардағы ашаршылық туралы тың деректермен бөлісті. Тарих мамандығының 2 курс студенттері ист-21 тобы дәрісте өз ойларын ортаға салып, ашаршылық жағдайына қатысты ғылыми еңбектер мен деректерді талдады. Өздерін қызықтырған сұрақтар қойылып, шара соңында әсерлерімен бөлісті.