Майманова Нұршат Нұрқанқызы Польша елінің, Быдгощ қаласында ғылыми тағылымдамадан өтті

Бүгінгі таңда «Болашақ» қарапайым қазақ жастарының дүниенің төрт бұрышына барып, білім көкжиегін кеңейтуіне теңдессіз мүмкіншілік берді.
2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жыл сайын «Болашақ» бағдарламасы аясында 500 қазақстандық ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді.
Сол ғалымдардың қатарында мен, Майманова Нұршат Нұрқанқызы- М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің оқытушы-магистрі Польша елінің, Быдгощ қаласындағы Экономика университетінде, Саясаттану мамандығы бойынша алты айлық ғылыми тағылымдамадан өттім.
Әлемдік жетекші саяси мектептер өкілдерімен кездесіп, жаңа саяси теориялар, геосаяси өзгерістер, заманауи әлемдік сын-қатерлер туралы дәрістер тындадым. Өзімнің алған білімімді еліміздегі саяси үрдістерді зерттеуге қолдану жоспарын жасадым. Еліміздің одан әрі демократиялық даму жолында пайдалануға бар күш-жігерімді жұмсаймын.
XXІ ғасырда елімізді озық елдер қатарынан көру үшін адами капиталды дамыту керек. Кез келген саланың мамандары сауатты, әлемдік бәсекеге қабілетті, зияткерлік деңгейі жоғары болса, ол ел дамуының негізгі көзі болады.


Print