I. Азаматтық –патриоттық және құқықтық тәрбие беру жөнінде іс-шаралар өткізу (оның ішінде Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін танымал ету іс –шараларын өткізу).
Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы - білім жүйесі. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында. Жастарға ең алдымен білім емес тәрбие берілу керек, тәрбиесіз білім берілсе ол адамзат үшін ауыр қасірет екенін Ежелгі Шығыс ғұламалары атам заманнан айтып кеткен.
Тарих, экономика және құқық факультеті құқықтық пәндер кафедрасымен осы бағытта жүйелі түрде сабақтан тыс уақытта, кураторлық сағаттар, құқық қорғау органдары өкілдерімен тәрбиелік бағыттағы кездесулер, дебаттық, пікірталас алаңдарын ұйымдастыру және патриоттық форумдарға, акцияларға қатыстыру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері мен мемлекеттілік атрибуттарын Студенттер мен жастар қозғалысының қызметін жандандыру; қоғамдық қорлармен бірлескен қызмет, әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер, экскурсиялар, ақпараттық-құқықтық материалдарды тарату, "сенім қызметтерін" ұйымдастыру сияқты шаралар өткізіліп отырады.
1 қыркүйек күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Білім күніне арналған шара онлайн форматында ұйымдастырылды. М.Өтемісов атындағы БҚУ ректоры Нұрлан Хабиболлаұлы шараны құттықтау сөзімен ашып Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылатындығын атап өтті. ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Халыққа Жолдауын түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды және орындалуын қамтамасыз ету мақсатында БББ оқытушылары университет факультеттеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп Президент тапсырмалары түсіндірілді.
Сонымен қатар 1 курс студенттерін М.Өтемісов атындағы БҚУ –дың Әдеп кодексімен таныстырылды. Әдеп кодексінде көрініс тапқан құқықтар мен міндеттердің орындалуына қатысты оқытушылар мен студенттер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазан айында білім беру бағдарламасының оқытушыларымен «Ана тілің арың бол» тақырыбына арналған әртүрлі шаралар ұйымдастырылды. Тіл – ұлтымыздың тарихы мен тәлім-тәрбиесінің негізі. Әлемде 2500-ден астам тіл бар. Олардың нақты санын дәл айту мүмкін емес. Әр жыл сайын, әр ай сайын, тіпті, күн сайын бір тіл жойылып отырады. Қазіргі таңда көптеген тілдердің жойылып кету қауіпі бар. Адамдар өз ана тілінің жойылып кетпеуі үшін барын беруге даяр. Өкініштісі, биология заңдылығына ұқсас ірі тілдер ұсақ тілдерді өзіне кіріктіріп, жеке дара құндылықтары мен ерекшеліктерін жойып жіберуде.
Адамдар үшін өмірдегі ең бағалы құндылықтардың бірі — ана тілі. Ана сүтімен дарыған тілдің қасиетін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ.
Ұстаздар күніне арнап «Ұст азы жақсының ұстамы жақсы» тақырыбына студенттер арасында құттықтау шарасын өткізілді. Ұстаз – құрметті сөз. Әр баланың жүрегінен екінші анасы болып орын таба білген қасиетті тұлға. Шәкіртінің бойына білім нәрін сусындатып, ақылын айтып, қателерін түзеп, оны кешіре білген ардақты ұстаздарымыздың дәрежесі әрқашан жоғары. Жақсы ұстаз өз шәкіртіне әрқашанда үлгі болып қалады. Осы бір қанатты сөздің аясында ұлық тәрбиенің бәрі тұнып тұр. Аталған шараға сәйкес ұстаз еңбегін бағалап, өздерін сыйлап, құрмет тұту әр шәкірттің міндеті екендігі туралы коптеген ойлар тыңдалды.. Себебі, ұстаздық оңай мамандық емес. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы» дегендей ұстаздың міндеті ауыр, сонымен қатар жауапкершілікті талап ететін жұмыс.
БББ аға оқытушылары М.С.Усенко және Т.И.Казиевтің ұйымдастыруымен «Менің арманым – заңгер болу» және «Моя будущяя профессия»тақырыбындағы кездесу кеші ұйымдастырылды. Аталған шараға құқық қорғау органдары өкілдері шақыртылып, заңгер мамандығына қойылатын талаптар, болашақ мамандықтың артықшылықтары, құқықтары мен міндеттері туралы баяндалып, студенттермен көптеген сұрақтар қойылды. Өткізілген шараға байланысты ақпарат университетіміздің сайтына салынды.
Қараша айында құқықтық пәндер кафедрасымен «Ең үздік 100 кітап» тақырыбындағы кураторлық сағаттар ұйымдастырылды. Атап айтсақ юр31, юр33 топ кураторы Ұ.Қ.Құмарова топ студенттерімен облыстық кітапханаға саяхат жасады. Облыстық кітапхана мұражайымен студенттерді таныстырды. Студенттерді еліміздегі «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына сәйкес, осы уақыт ішінде гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі үздік қазақ тіліне аударылған кітаптапрмен таныстырылды Бұл жоба уақыт талабынан туындап отырғаны белгілі. Біз өзімізді дамытпақ болып, қолымызға кітап алған жылдары қазақ тілінде жазылған бірден-бір кітаптың болмағаны, санамыз орысша оқып, қазақшаға аударып жүрген студенттерге мұндай оқулықтардың маңыздылығының ерекше екендігіне сеніміміз мол.
Қаламгердің аты аңызға айналған халық батыры, Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының ер тұлғасын, азаматтық қасиетін паш ететін «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбаты, замандастарының адамгершілікпен астасқан адал махаббаты мен шынайы сүйіспеншілігі баяндалатын «Махаббат қызық мол жылдар» романы, Кеңес Одағының батыры, ірі әдебиетші, ғалым Мәлік Ғабдуллин атынан ардагер азаматтар туралы айтылатын «Тоғыз толғау» повесть-монологы, «Махаббат жыры», «Ескі дәптер», «Әсем», «Ботагөз», «Ғажап адам» атты лирикалық повестері мен майдандас жауынгер достарының ерліктерін суреттейтін «Невель түбінде», «Великие луки ұрыстары» атты майдан жазбаларының қай-қайсысын алып қарасақ та оның кейіпкерлері адамгершіліктің, ерліктің, патриоттықтың, әсемдіктің үлгісі етіп көрсетуге лайықты өз заманының қаһармандары.
Сондай-ақ, қазақ әдебиетіне жаңа жанр қосқан жазушының «Тоғыз толғау» повесть-монологы, өмірлік досы, әдеби ұстазы М.Иманжановтың ғұмырнамалық келбетіне арналған «Қаламгер және оның достары» эпистолярлық романы, жарты ғасырдан артық ғұмырын бірге өткізген, өмірдің ыстық-cуығын бірге кешкен жан жары Халимаға арналған «Мәңгілік махаббат жыры» прозалық поэмасы, «Мен және менің замандастарым» өмірбаяндық романы жазушы тарапынан төл әдебиетімізге қосылған жаңалық.
Әзілхан Нұршайықовтың қай шығармасын алып қарасақ та ұлттық тәлім тәрбиелік мәні зор.
Жалпы, Ә.Нұршайықов шығармалары – әдебиет тарихын тақырып, мазмұн, жанрлық тұрғыда байытып, өз кезінде әдеби процестің дамуына ықпал еткен, Кеңес дәуіріндегі заман мен адам бейнелерінің тұтас галереясын сомдаған туындылар қатарына жатады.
Әдебиет тарихында ойып тұрып орын алатын Ә.Нұршайықов өмірі мен шығармашылығы кейінгі әдебиет сүйер жас ұрпақ үшін таптырмас құнды дүние деп бағалауға болады. Өмірде кітап оқудың адамға берері көп. Шыңдап келгенде, әр кітап бір-бір тәжірибелі ұстазға, ақыл қалтаға ұқсайды. Басқалардың қанша жылғы білген-түйген нәрселерін, ізденісін біз сол адамның жазған кітабын оқу арқылы-ақ үйрене аламыз. Демек, кітап оқу өмірде қателеспеу үшін басқалардың тәжірибесімен танысу дегенді де білдіреді. Осы тұрғыда кітап – адамға таптырмайтын пайдалы дос. Ол жай уақытта ешкімнің мазасын алмайтын, қажет кезде үнемі қасыңнан табылатын, кез-келеген сәтте кеңес беруге әзір. Ақылына ақы сұрамайтын, жан сарайымызды серпілтіп, дұрыс жолды көрсететін жанашыр, әрі жалықтырмайтын серік десек те болады.
Желтоқсан айында Тәуелсіздіктің 31 жылдығына орай «Қасиетті Қазақстан» тақырыбында ашық кураторлық сағаттар өткізілді. Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі.
Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. Аталған шараны өткізуде тәуелсіздіктің мәні мен мағынасын түсіндіруге қатысты студенттерге кең мағынада ақпараттар берілді.
Сәуір айында кафедра оқытушысы А.У.Самуратованың ұйымдастыруымен
Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Елімізде рухани жаңғырудың жолында жүріп жатқан бірнеше жоба бар. Соның бірі әрі бірегейі, елбасының «жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы турасында. Бұл жоба нені меңзейді? Бұл жоба арқылы нені ұтуға болады? Осы тұрғыда баяндамалар оқылып, пікірталастар жүргізілді.
Мамыр айында құқықтық пәндер кафедрасы оқытушылар құрамы мен белсенді студенттері 9-мамыр жеңіс күніне арнап «Жеңістің жаңғырығы-ерліктің мәңгілігі» атты университетшілдік патриоттық –мерекелік шараға қатысты.
II.Тәрбие жұмысын ақпараттық-аналитикалық және әдістемелік қамтамасыз ету, оқытушылар құрамы мен студенттердің ғылыми жұмыстарға қатысу деңгейін арттыру (оның ішінде ғылыми-практикалық конференциялар, ғылыми олимпиадалар және т.б өткізу)
Студенттер арасындағы көшбасшылық қабілеттілік деңгейін көтеру мақсатында факультетте интелектуалдық ойындар мен ғылыми конференциялар өткізіліп отырады. Топ кураторлары тәрбие жұмысын ақпараттық-аналитикалық және әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында 1 курс студенттеріне оқу жылы басында Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту мақсатында қабылданған Мемлекеттік бағдарламасы және М. Өтемісов атындағы БҚУ білім беру бағытында қабылданғандаму тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттерін таныстыру мен түсіндіру мақсатында арнайы кураторлық сағаттар өткізеді. Білім берудің әлемдік тенденцияларын ескере отырып, университетіміздің білім беруінің жаңа жүйесін жүзеге асыру мақсатында концепцияның міндеттері мен оқу орнының жағдайы мен алға қойған бағыттарын студенттерге түсіндіру болып табылады.
Қазан айында құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы М.С.Усенконың ұұйымдастыруымен «Менің арманым – заңгер болу» және «Моя будущяя профессия» тақырыбындағы кездесу кеші өткізілді. Аталған шараға кафедраменекіжақты келісм шартқа готырған мемлекеттік мекелер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері қатысты. Кездесу кешінің мақсаты: Студенттердің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алу және өз таңдаған мамандықтары туралы тың ақпараттар алу.
БҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің кадр саясаты тобының бас маманы студенттер мен кәсіби бағдарлау жұмысын өткізді.Іс-шара қылмыстық-атқару жүйесі саласының қызметкерлеріне көрсетіліп жатқан әлеуметтік жеңілдіктер, қызметкерлердің міндеттері, қылмыстық-атқару жүйесі жайлы ақпарат берілді. 4 курс студенттерінің қызығушылық танытып қойған сұрақтарына жауап берілді. Кездесу белсенді диалог түрінде өтті және студенттердің пікірінше, бұл шарада берілген ақпараттардың олар үшін өте пайдалы екенін атап өтті
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңнамасын түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша шараларға құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылар құрамы белсенді түрде ат салысты.
Қараша айында жыл сайынғы өткізілетін республикалық құқықтану мамандығының студентер арасындағы олимпиядаға қатысуға іріктеу жүргізілді. Іріктеу қорытындысы бойынша Құқықтану БББ 3 курс туденттері Н.Бақыт, К.Галимова,Г.Ораш, А.Нұғманова жолдама алып Алматы қаласы Каспий Университетінде ұйымдастырылған республикалық олимпиадаға қатысып, алғысхаттармен марапатталды.
ІІІ. Салауатты өмір салтын қалыптастыру(әлеуметтік қызметтер, спорттық конкурстар мен жарыстар, бос уақытын тиімді өткізу)
Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.
Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер - гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т.с.с. әсер етеді.
Бұл жағдайда балалардың өзіне қажетті тіршілік ортасын қалыптастыра алмайтындығын ескеру керек. Сондықтан бұндай жағдайларды қалыптастыру негізінен ата-аналарға, ағарту жұмыстарын ұйымдастырушыларға, педагогтарға байланысты. Яғни, баланың болашақтағы мінез-құлқы оның сәби кезінен бастап тіршілік ортасына байланысты болады.
Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді.
М. Өтемісов атындағы БҚУ-де салауатты өмір салтын насихаттау негізінде үздіксіз кураторлық сағаттар өткізіліп, студенттерге университет көлеміндегі спорттық үйірмелер, пікір-сайыс клубы, үйірмелер қызметі туралы ақпарат беріліп, сол шараларға белсене қатысуға шақырады.
Қазан айында кафедра оқытушысы А.Габитова «Демалысты ұйымдастыру» атты шеберлік сағат ұйымдастырды. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру - денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына əкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.
Құқықтану БББ білім алатын 1,2,3 курс қыз балаларының гинеколог маманмен кездесуін ұйымдастыру, СПИД орталығы өкілдіктерімен кездесулер үздіксіз жүргізіледі.
ІҮ.Студенттер мен оқытушылар құрамының әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету (оның ішінде білімге, денсаулығын сақтауға қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша шаралар).
Жалпы тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы бойынша барлық топ студенттері оқу жылы басында медициналық тексерістен өтіп, университетт медпунктына тіркеуге тұрды.
Оқу жылы басында университеттің студенттерінің мінез-құлық ережесімен және Қазақстан жастар саясаты туралы заңымен таныстыру жүргізіледі, сонымен қатар студенттердің флюрографиялық тексерістен өтуін қамтамасыз ету, 2-3 курс студенттерін медициналық тексерістен өткізу, университетпен ұйымдастырылатын қалалық және облыстық ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларының қатысуымен өткізілетін бос орындар жәрмеңкесіне 3-4 курс студенттерінің қатысуын ұйымдастыру, «Жомарт жүрек» бағдарламасы бойынша қайырымдылық шараларымен таныстыру жүйелі түрде жүргізіледі.
. V. Жас мамандарды оқу кезінде тағылымдамадан өткізуді және жұмыспен қамту қамтамасыз ету(«Жасыл ел»және студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабымен бірлескен жұмыс).
«Құқықтану», «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдаламасының студенттеріне СҚЖ және Жасыл Ел еңбек жасақтарына қатыстыру, үздіктерді анықтау және студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарына қатысатын студенттердің тізімін жинау, тапсыру бойынша ақпарат беру жұмыстары жүргізілді. Жыл сайынғы студент жастарды жазғы демалыс кезінде жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағына кафедрасы білім беру бағдарламасы студенттерінің жоспарға сәйкес тіркелетіндігін де баяндады. Студенттердің тізімі, олар туралы толық ақпараттар, қажетті құжаттар тәрбие бөліміне тапсырылады. Сонымен біргі бітіруші топ студенттеріне «Жетістік жолы» атты кездесу кеші өтті. Кездесу барысында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімі» жобалары бойынша ақпарат берілді. Шаралардың негізгі мақсаты жоғарғы оқу орынын аяқтаған студенттерге жұмысқа тұруына жәрдемдесу.
ҮІ.Оқытушылар құрамы мен студенттер арасында ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және рухани тәрбие беру жөнінде іс- шаралар өткізу.
2022-2023 оқу жылында «Құқықтану» БББ бойынша Студент жастарды рухани – адамгершілік тәрбиелеуге ықпал ететін іс – шаралар циклін өткізу жоспарланып жұмыстар жүйелі түрде жүргізілді.
Ақпан айында «Жастар арасындағы діни сауаттылық» тақырыбында қалалық дін басқармасының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігімізді алғаннан бері ұмыт бола бастаған көптеген діни құндылықтарымыз бен тарихи, мәдени құндылықтарымызға қайта қауыштық. Жастардың діни сауаттылығы қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орыны ерекше. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өзі айтқанындай: «Саясат күнде өзгереді, ал, дін – мәңгілік», – деген. Бұл жерде ұқпағымыз дін ол кеше, яки бүгін пайда бола салған ұғым емес. Ол сонау Пайғамбарлар заманынан келе жатқан сенім жүйесі. Жастардың діни сауаттылығын арттыруда әрине бірінші кезекте ислам дінінен ақпарат беру маңызды. Өйткені қазіргідей қоғамда дінді бұрыс бұрмалаудың нәтижесінде, оның ішкі-мазмұнына үңілместен қаралайтын да жағдайлар кездеседі.
https://www.instagram.com/reel/C374ktaMNnq/?igsh=cnU3bmd6a21kamlq
https://www.instagram.com/reel/C3pXLzcsb1z/?igsh=MWIwc2s3Y3M4bjV0bA==
https://www.instagram.com/reel/C39odAOsOuf/?igsh=MXRtb2N1ZGxjenYzbQ==
https://www.instagram.com/reel/C374GQsLnp/?igsh=MWFuZzZhYm95OWluNg==
https://www.instagram.com/reel/C3XEVcHMnVI/?igsh=MXdyaWk4YzZleWc0MQ==
https://www.instagram.com/reel/C3pNPplsPKO/?igsh=MWFneng3aW4xYWhvdA==
https://www.instagram.com/reel/C3Hs4_9sfQG/?igsh=ZzNldXdvNm45MzFo
https://www.instagram.com/p/C0bZEm_sAn2/?igsh=eHJnYWNsOHplc3pl
https://www.instagram.com/p/C0RTf5fM1_f/?igsh=a3VpaGtnZ2dkajF4
https://www.instagram.com/p/CzzEFoZr7UM/?igsh=MXF0Yjcya2R5cjA3Ng==
https://www.instagram.com/p/CzoYP6Xs5Ad/?igsh=MTR1NWw5djdlbDVrNA==
https://www.instagram.com/p/CzLsKW0sdaO/?igsh=c2thMWZuaGlheWlk
https://www.instagram.com/p/CynNsojMAC4/?igsh=d25icnRlcGk2a3c3
https://www.instagram.com/reel/Cxau7cMswSm/?igsh=MXFneTV3M2ZtczBnNA==
https://www.instagram.com/p/CxamF-isWXb/?igsh=c29xb2x2cmsycmVv

