Мырзақуатова Арайлым Жанарбекқызының есебі

Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Алматы қаласы «Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетіне» барған Мырзақуатова Арайлым Жанарбекқызының есебі.

Мен Мырзақуатова Арайлым М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ университеті «Тарих, экономика және құқық» факультеті құқықтану мамандығының 3 курс студентімін. Осы 3 курстың екінші семестрінде, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетіне барып келген болатынмын.

Карантиннің салдарынан мен онда тек 2 ай көлемінде болдым. Аз ғана уақыт ішінде Алматы қаласына да, Абай атындағы ҚазҰПУ-де үйренісіп кеттім. Әрине, басында өз университетіме, факультетіме деген сағыныш сезімі болды.

Бірінші күні оқу ордасына барған кезде, барлығы жылы шырай танытып жылулықпен қарсы алды. Оқытушыларымен және Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жаңа группаластарыммен таныстым. Кейбіреулерімен тез тіл табысып кеттік.

Сонымен қатар ашық сабақтар жиі өткізілетін болды.

Сабақтан тыс, жаңа группаластарымызбен бірге қала аралап серуендедік. Кітапханалармен таныстық.

Осындай академиялық ұтқырлықпен басқа университетке жіберіп, білім алуыма, ел көріп, жер көруіме мүмкіндік берген өз университетім М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне алғысым шексіз.

Алматының саябағында

Құрбыммен түскен сурет

Көктөбеге барған кезіміз

Группаластарымызбен


Print